Бүгін-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні.

1992 жылғы 4-маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын. Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік Ту бекітілді.

Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады.

Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Гимн негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік Гимнің авторлары-Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады. Біздің ұлттық Туымыз бүгінде БҰҰ штаб-пәтерінің үстінде желбіреп тұр. Біздің Гимніміз Олимпиада және басқа да халықаралық жарыстарда шырқалады. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш!

Баршаңызға мереке құтты болсын!!!

#МеніңТуым

#МемлекеттікРәміздер

#Бізбіргеміз

#МеніңЕлімҚазақстан

Центр подготовки олимпийского резерва

Яндекс.Метрика