Өткен демалыста, Талдықорғанда, көркем гимнастикадан көпсайыстың жеке түрлерінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, осы жарысқа 1999-2000 жылы туылған жасөспірімдер, 1998 жылы туылған сеньорлар және одан жоғары жастағы спортшылар, ОРДО спортшылары да қатысты.
Сеньорлар арасында Жуматева Селинаға тең келер ешкім болған жоқ, ол бағдарламаның барлық түрлерінен (шығыршық, доп, ұршық, лента) жеңімпаз атанды. Көпсайыстың сомасы бойынша Селина 59,950 ұпай жинады. Екінші орынды Алматылық 50,350 ұпаймен Т.Омашева иеленсе, үшінші орынды – Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Е.Завацкая 47,850 ұпаймен иеленді. Селина - көркем гимнастикадан әлем чемпионатының қатысушысы, ҚР чемпионаттарының және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.
Жасөспірімдер арасында әрбір марапаттауда біздің спортшылар мінбеге көтерілді, олар мынадай нәтиже көрсетті: Лысогор Вероника – 1,1,3; Майновская Елизавета – 1,3,3; Нұрғали Медина – 2,2. Топтық жаттығуларда 5 шығырық және топтық жаттығуларда 10 ұршық ең жоғарғы көрсеткішті біздің спортшылар көрсетті, бұлар -Гуслякова Виктория, Құмарова Нұрай, Қожахат Амина, Нұрғазина Қаракөз.
Көркем гимнастика бөлімінің барлық спортшылары әртүрлі халықаралық дәрежедегі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері атанаған, мәселен, Гуслякова В. – ұршықпен топтық жарыста Азияның чемпионы (Малайзия) ; Қожахат Амина және Құмарова Нұрай – 2014 жылғы 17 Азия ойындарының (Нанкин қ. Қытай) қола жүлдегерлері; Асымова Әлия мен Скорикова Екатерина – 2014 жылғы 17 Азия ойындарының (Инчхон, Оңт.Корея) қола жүлдегерлері. Әлия - Әлем Кубогының қатысушысы барлық кезеңдерінің қатысушысы; Германияда өткен Гран Приде доппен жаттығудан 3 орын иеленді.
ОРДОның аға бапкері, көркем гимнастикадан Целиноград қаласының бірінші спорт шебері, Орта Азия және және Қазақстан елдері арасында бірінші әйелдер Спартакиадасының (Душанбе) жеңімпазы Ляйлим Хакимовна Омароваөзінің тәрбиеленушілеріне шексіз риза: спортшылардың барлығында жақсы потенциал бар, бұл мақсатқа бағытталған, ауызбірішілігі мол ұжым. 2015 жылдың қаңтарынан бастап 1999 жылы туылған спортшылар спорт шебері тобына ауысады, олардың әрі қарай жақсы көрсеткштерге қол жеткізетініне, ҚР спорт шебері нормативтерін орындай алатындарына үміттенеміз.
Астана қаласының көркем гимнастика спортшылары мен барлық бапкерлер құрамын Қазақстан Республикасы чемпионатындағытабысты көрсеткіштерімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы