Астанада, «Алау» мұз айдынындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатына коньки тебу спортынан ОРДО-дан 4 спортшы қатысты –барлығы жеңімпаз атанды.
Елизавета Прохоренко 3000 және 5000 метрге дейінгі ұзақ қашықтықтаекі мәрте қола жүлдегер атанды, сондай-ақ 5000 метрге дейін ол өзінің спорттық мансабында бірінші рет жүгірді және бірден – жетістікке қол жеткізді! Сонымен қатар, айта кету керек бұл чемпионат ересектер чемпионаты, ал Лиза болса жасөспірімдік жастар санатына жатады, осыған қарап оның әрі қарай спорттық деңгейінің өсуіне мүмкіндік бар деуге болады.
3000 метрге дейінгі қашықтықта ерелер арасында күміс медальды Дмитрий Морозов жеңіп алды, ол тек өзінің бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владимир Костинге ғана ұтылды.
Командалық жарыстың 8 айналымында Дмитрий Морозов, Максим Глазырин және Станислав Юрочкин чемпионаттың күміс жүлдегерлері атанды, осы дисциплинада лидерға айналған Петропавл және Қостанайдың ересек қомандаларымен басекеге түсе алды.
Қазақстан Республикасының чемпионаты жасөспірімдер арасындағы 2015 жылы Польшаның Варшава қаласында ақпанда өткізілетін әлем чемпионатына дайындық деңгейі ретінде қарастырылады. Ал ең жақындағы халықаралық сөре біздің спортшылардың қатысуымен желтоқсан айының ортасында Минск қаласында, жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогында өткізіледі.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы