Астанада, 2014 жылдың 18-22 қазанында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

            Осы чемпионатта айрықша көзге түскен Қазақстан Республикасының спорт шебері Искакова Амелияны айтуға болады, ол өзімен қатар мықты спортшылармен бақ сынасып, жеңіске жетуге бар күш-жігерін салды. Амелия – Қазақстан Республикасының чемпионы, Гит жаттығуында 500 метрге жарысуда жеңіске жетті.

            Сондай-ақ  ерекше қуанышқа бөлеген біздің жасөспірімдеріміз. Ерекше көзге түскен  Вадим  Пронский болды. Ол Қуатов Тимурмен жұп болып Қазақстан Республикасының чемпиондары атанып , 4-ші кезең сомасы бойынша Штейн  Иоганға 3-орын алуға көмектесті. Қайрат Қаділбек топтық Скретч жарысында 7,5 км  3 орынды иеленді.

            Ерлер тобында   Эдуард  Розенберг таң қалдырды:  ол  жасөспірімдік жасында болсада, ҚР чемпионы атанды. Осы топта алдыңғы қатарда көрінген спорт шебері Кенеев  Алмас  пен Сиваш Иван.  Қажырлы жарыста қола  медальға ие болды.

            МинияхметовДанистің жолы болмады. Сәтсіз құлап түсу салдарынан, ол күміс медальдан айырылып қалды.

            Тағы бір спортшыны айта кету жөн деп санаймыз, ол Елизавета  Прохоренко. Жарыс қарсаңында оның жасы небары 18-ге жаңа толған еді, ал ол болса спорттың екі түрінен ҚР спорт шебері.  Өткен жылдың наурызында Елизавета тректен спорт шебері дәрежесін алды, ал сәуір айында ол коньки тебуден спорт шебері атағын алды.Елизавета коньки тебу және велоспортан  Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған, қазіргі чемпионатта 500 метрлік  Гит жаттығуы бойынша  ол қола медальдың иегері атанды.  Елизавета  ОРДО-ның коньки тебу спорты құрамына енгізілген. Владимир Костинның (коньки тебу спорты)  және ҚР еңбек сіңірген бапкері Владимир Березенның (велоспорт) бапкерлік шеберліктері Елизаветаны осындай нәтижеге жеткізді. 

            Чемпионатқа 12 команда қатысты, біздің команда 226 ұпай сомасы бойынша 1-орынды иеленді. Еркінші орында – Алматы облысы (135 ұпай), үшінші орында – Қызылорда облысы (88 ұпай).   Міне осындай ұпай санымен алға шығып, чемпион атандық! Барлық спортшыларды, бапкерлерді және велоспорт  жанкүйерлерін құттықтаймыз! 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика