Астана қаласы ОРДО-ның үйлесімді жүзу бөлімінің  спортшыларының Азия ойындарына мақсатқа бағытталып дайындалуы  еш зая кетпеді. 

Еркін комбинацияда артистизм  және техника үшін 84.6000 ұпай жинап, Қазақстан Республикасының құрама командасы Инчхондағы 17-ші Азия ойындарына  қола медальға ие болды.

1 орынды Қытай командасы, 2 орынды  - Жапония командасы жеңіп алды. 

Қазақстан намысын Қарағанды облысының спортшылары қорғады: Качурина Ксения, Маткова Алина,  апалы- сіңілі  Екатерина мен Александра Немичжәне Астана қаласының  ОРДО спортшылары: АнарбаеваАйгерім,   Кемпель Юлия, Талғатова  Дания,   Тыныбаева   Кристина   және Ермаханова  Амина.  Барлық спортшылар үйлесімді жүзуден  Қазақстан Республикасының чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері, елдің ең мықты спортшылары болып табылады.

Біздің мықты қыздарымызды және олардың бапкері  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Демченко Жанна Геннадьевнаны да шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика