17-ші Азия ойындары Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жалғасуда.
Азия ойындарында қазақстандық ескек есушілер алдыңғы орында болғанын еске сала кетейік: 5 алтын, 3 күмісжәне 2 қола медальдар.
Медаль сынағына Астана қаласының Олимпиадалық резерв дайындау орталығы спортшылары да өз үлестерін қосты. Байдарка-төрттік жарысында 1000 метрлік арақашықтықта ерлер арасында алтын медальды қазақстандық есекек есушілер жеңіп алды: Илья Голендов, Андрей Ергучев, Александр Емельянов және ОРДО спортшысы Даулет Султанбеков - студенттер арасында тамыз айында күміс жүлдегер атанған команда.
Байдарка-төрттікте 500 метрлік арақашықтықта әйелдер арасында қола медальды Кальтенбергер Екатерина, Подойникова Ирина және ОРДО спортшылары Абсинская Кристина және Ананченко Зоя жеңіп алды.
Астана қаласының және ОРДО-ның аға бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, байдарка мен каноэда есуден спорт шебері Тиунов Сергей Николаевич өзінің тәрбиеленушілерінің жеңісіне өте риза. Даулет Султанбеков 8 жыл бойы ескек есумен айналысуда, дарынды, алға қойған мақсатына үнемі қол жеткізуге тырысады.
Ескек есумен 6жылдан көп айналысып келе жатқан Зоя Ананченко, ол Венгрияның әлем чемпионатында юниорлар арасындағы қола жүлдесіне және Словакияның халықаралық регатасында қола жүлдеге ие болды.
Кристина Абсинская - Қазақстан Республикасының, жастар ойындарының, Азия чемпионатынының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Өздерінің тәрбиеленушілерімен бірге қуаныштарымен бөлісе, бірігіп жұмыс жасаған бапкерлер Максим Станкеев және Асхат Калиакпаров спортшыларына дән риза.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы