Азия ойындарына дайындық жоспары бойынша байдарка мен каноэда есуден Қазақстан құрамасы Белоруссия елінің есекек есу каналында белорусс ұлттық құрамасымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ, осы елде Заславльде (Минск ауданы) республикалық олимпиадалық дайындау орталығы базасында 16-17 тамызда студенттер арасында 6-шы әлем чемпионаты өтті, осы жарысқа 22 елден 250 спортшы қатысты.
Жарыстың алғашқы күнінде ОРДО спортшылары Сұлтанбеков Даулет, Голендов және Ергучуев, Березенцев байдаркамен есудегі төрттікте 1000 м арақашықтыққа дейнгі жарыста мәреге Польша командасынан кейін екінші болып жетті және күміс медальға ие болды. 3-ші орынды –Белоруссия командасы иеленді.
Ал, бұл студенттер арасындағы байдарка мен каноэда есуден VI әлем чемпионаты ерлер-төрттігімен, яғни 500 метрге дейнігі арақашықтыққа дейін жарысумен аяқталды. Жеңіс! Біздің Қазақстан командасы алтынға ие болды: Илья Голендов, Андрей Ергучуев, Даулет Сұлтанбеков және Юрий Березинцев.
Алғашқы «алтындарын» алған спортшыларымыз өздерінің сезімдерімен бөлісті: «Өзімізде әлі сенбейміз, шынын айтсақ, жылағымыз келіп тұр. Осындай жетістіктерге жеткенде осыншама жыл бойы аямаған күш-жігеріміздің еш зая кетпегенін түсінесін. Мәреде, әрине ауыр болды. Шынын айтсақ, белорустар бізге көптеген сырларын ашты. Біз ұлттық құрамамен бір әдіс бойынша жаттығып келеміз және жиі сырттарынан бақылап отырамыз, осылай тәжірибе жинақтаймыз. Біз үшін бұл чемпионат өте керемет. Біз студенттер арасында болса да, әлем чемпионы атандық, бұдан асқан бақыт бар ма?»
Командалық есепте Қазақстан командасы бесінші орында.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы