Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде25-30 шілде аралығында юниорлар арасында қарқынды спорт түрлерінен, жасөспірімдер мен қыздар арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден, жекелей ізге түсу жарысында және 2001-2002 ж.т. ұлдар арасында гит жарысынан, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында республикалық жарыс өтті.
Жарыстарға Қазақстанның 10 өңірінен 133 спортшы қатысты.
Юниорлар арасында өткен жарысқаОРДО-дан 4 спортшы қатысты.
Сатликов Максим 10 км топтық скретчте Қазақстан Республикасының чемпионы және 3 км жекелей жарыста қола жүлдегер атанды. Қадылбек Қайрат 4 орын, Кенеев Алмас скретчте 3 орын алды. Командалық жарыста 4 км ізге түсуден Сатликов, Кенеев және Розенберг Эдуард күміс жүлдегерлер атанды.
Жасөспірімдер арасында Қуатов Тимур мен Пронский Вадим табысты өнер көрсетті. Олар командалық спринтте Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды. Т. Қуатов гит жарыста 3 орын, спринтте 5 орын, В.Пронский кейринде 4 орын иеленді.
Ерлер арасындағы республикалық жарыста Онищук Вадим медиссонда 2-ші, Сиваш Иван скретчте 2 орын иеленді.
Миниахметов Данис пен Маковий Дмитрий жүлдегерлер қатарына ілінген жоқ.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы