27-29 маусымда, Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, бұл жарыс қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның  Инчхон қаласында өтетін Азиялық ойындарға іріктеу болатын.

Осы жарыс Коробейников Дмирий үшін сәтті өтті, 400 метр қашықтықта  47.17 (спорт шебері нормативі), нәтижесімен 2-ші орынды иеленді және Азиялық ойындарға қатысатын Қазақстан  делегаттарының негізгі құрамына енді

 Каспер А. және  Сериков Б. 100 және 1500 метр қашықтықта 3-ші орындарды иеленді. Зейноллаев К.  1500 метр қашықтықта 1 орынды иеленді. Канафина  Джамиля 100 метр кедергілерден өту бойынша қашықтықта 4-ші болды.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика