Павлодарда, 2014 жылдың 13-16 маусымында әйелдер мен еркектер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, бұл жарысқа 16 команда, 250 қатысушы қатысты. Астана құрамасы командасына ОРДО-дан 10 спортшы (5 әйел, 5 ер.) қатысты.
ОРДО спортшылары салмақ дәрежелері бойынша төмендегі нәтижелерді көрсетті:
Әбдірашев Ералысалмақ дәрежесі 86 кг., Маңғыстаулық және Алматы обласының спортшыларына жеңіліп, 3 орынды қанағат тұтты. Оқасов Саятбек (65кг) ақтық мәреге жарақатына байланысты шыға алмай қалды, алайда тиісті күміс жүлдеге ие болды. Ізбасар Бауыржан (73кг) Алматы және Қызылорда облыстарының спортшыларына есесін жіберіп алып, 3 орынға ие болды. Байтарақов Нұрғали және Керимов Эли жарыста сәтсіз ойын көрсетіп, 8 орынды иеленді.
Әйелдер арасында Эшимова Жулдыз(53кг.) чемпион атанса, Шиндавлетова Альфия (75кг.) Алматы және Талдықорған облыстарының спортшыларына жеңіліп, 3 орынды иеленді. Умарова Гүлдана (58кг.) жәнеҚазбекова Гүлшат (53кг.) 5 орынды иеленді , Аубакирова Сымбат (63кг.) – 8 орынды иеленді.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы