Австрияның Инсбурк қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің соңғы кезеңінде қазақстандық Алина Дауранова жалпы есепте көш бастады.

Ол 1500 метрге жүгіруден 235 ұпай жинап, жалпы есепте топ жарды. 

Екінші орында Нидерланд өкілі Эвелин Виджн, үшінші орынды оның отандасы Джейж Гройневуд иеленді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ тәрбиеленуші спортшысы Алина Дауранованы кезекті жеңісімен құттықтайды! 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика