Австрияның Инсбурк аймағында конькимен жүгіру бойынша жастар арасында өткен Әлем кубогінің кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыстың кезекті күнінде отандық жас атлеттер ел қоржынын төрт медальмен толықтырды.

Бастапқыда 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болса, 1000 м қашықтықта екінші болып келді. Сондай-ақ, Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді. 
Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтық  бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті. 

Қорыта айтқанда,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ тәрбиеленуші спортшылары

Гаврилова Дарья мен Дауранова Алина  жас конькишілер арасындағы Әлем кубогі кезеңінде командалық спринт қашықтығында  II орынға ие болды. Ал,  Ақжол  Нұралы жалпы командалық есепте III орынға қол жеткізді.

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика