Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Олимпиада және Паралимпиада ұлттық құрамаларының  мүшелерімен  кездесті, – деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жуырда Бейжің қаласында өтетін ХХІV қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының барша спортсүйер қауым үшін айтулы оқиға екеніне тоқталып, Қазақстан осы сайысқа ең үздік спортшыларын аттандыратынын атап өтті.

Кездесу соңында Олимпиада құрамасының капитаны Абзал Әжіғалиев пен Паралимпиада құрамасының капитаны Александр Герлиц  Президенттің қолынан Мемлекеттік ту алып, ант берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың көк туымызды Олимп шыңына шығарып, мемлекетіміздің мерейін көтере беруіне тілектестік білдірді.

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика