Тамыз айының 24 мен 30 аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Елордалық спортшылар топ жарып, чемпионаттың  алтын жүлдесін жеңіп алды. 

48 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай финалда үндістандық қарсыласы Вишнават Сурешті 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтса,  Бақберген Алиасқаров 75 келі салмақта Иран спортшысы Фардин Халифелуды 4:1 есебімен ұтты. 86 келіде Темірлан Мұқатаев Өзбекістан өкілі Уралов Диербекті 5:0 есебімен ұтып , жарыс жеңімпазы атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 8 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде иеленіп, бірінші орынды иеленді. 

Екінші орынға 3 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен Өзбекістан құрамасы тұрақтаса, үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлдемен Үндістандық былғары қолғап шеберлері қорытындылады. 

Спортшыларымыз бен бапкерлер құрамын шын жүректен құттықтаймыз!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика