Бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қоламен медальдық есепте көш бастап тұр. Алматы командасы екінші орында - 2 алтын, 1 күміс, 3 қола; үшінші орында- Шығыс Қазақстан облысы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола.
Алматыдағы чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері биыл сәуір айында Польшада өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына баратын командаға қосылуы керек.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы