Спорттық жүзу ең алғаш 15-16 ғасырларда пайда болды. Венецияда жүзуден ең алғашқы жарыстар 1515 жылы өтті. Ал, 1538 жылы Данияда жүзуге арналған ең алғашқы баспа жарық көрді. 1896 жылы Афинада жүзуден алғашқы Олимпиадалық ойындары өткізілді, бұл ойындарда жүзудің еркін жүзу бойынша бағдарламасы енгізілді, сол кезеңдерден бастап, жүзу олимпиаданың бағдарламасына әрдайым қосылып отырды.
Алғаш рет жарыстар ерлер арасында өткен, әйелдер арасындағы алғашқы жарыстар 1912 жылы Стокгольмде бастау алды.
1908 жылы жүзудің Халықаралық федерациясы (ФИНА) жарыс өткізуге арналған негізгі дисциплиналарды және жүзу тәртіптерін өңдеп шығарды.
Спорттық жүзудің 4 түрі бар:
Құлаштап жүзу (кроль) – жүзудің ең жылдам түрі, аяқ пен қол арқылы кезек-кезек ауыстыра және симметриялы қозғалу арқылы жүзу. Әр сермеген сайын қолмен есу арқылы, аяқтары алма-кезек ауысып жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады.
Арқада құлаштап жүзу (кроль на спине) – жай құлаштап жүзуге өте ұқсайтын жүзу стилі. Спортшы аяқ-қолды кезек ауыстыра сермей отырып, аяқтары алма-кезек жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады, тек арқада жүзеді және су астында қолымен тіке малтиды.
Брасс – кеудемен жүзу арқылы, аяқ-қолдары симметриялы қозғалып, су бетінде паралель жүзудің түрі. Жылдамдық көрсеткіші бойынша брасспен жүзу спорттық жүзудің түрлерінен ең соңғы орынды алады, дегенмен де брасс қолданбалы жүзуде ерекше орын алады, себебі спортшыға дыбыс шығармастан жүзуге, су астындағы кеңістікті жақсылып қарауға мүмкіндік береді және орасан зор арақашықтыққа дейін жүзуге мүмкіндік береді.Брасс техникасы сондай-ақ су асты жүзу кезінде де қолданылады.
Баттерфляй – жүзудегі техника жағынан ең қиын және шаршататын стильдің бір түрі. Баттерфляй арқылы жүзу кезінде екі қолды ілгері қарай бірден сермеп, кеудемен малту әдісі орындалады. Жылдамдық жағынан құлаштап жүзуден кейін екінші орында.
Жүзуде тағы ерін жүзу әдісі бар. Бұндай жүзуде спортшы кез келген әдістің түрімен жүзуге құқылы. Қазіргі кезде спортшылардың барлығы құлаштап жүзу әдісін қолдаданды, себебі бұл әдіс ең жылдам болып саналады.
Жүузге арналған бассейн - спорттың суда жүзу түрлеріне арналған тіктөртбұрышты ванна. ФИНА ережелеріне сәйкес бассейіннің ұзындығы 50 метр және ені 25 метрге сәйкес келуі керек. Бассейн 8 жолаққа бөлінуі шарт. Судың температурасы 25-29 градусқа сәйкес болуы қажет.
Қазақстанда ең алғашқы жүзуден олимпиадалық алтын иеленген спортшы – Дмитрий Игоревич Баландин.
Баландин – 200 м арақашықтықта брасспен жүзуден 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы. 50,100 және 200 метр брасспен жүзуде Қазақстанның рекордшысы.
Жүзу – жасөспірімдер бойының өсуіне едауір ықпал етеді, себебі жүзу кезінде адам салмақсыздық жағдайында болып, омыртқаға күш түсуден уақытша босайды.
Жүзу орталық жүйке жүйесіне де оңтайлы ықпал етеді: ашушаңдық басылады, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, ішкі органдардың қызметі жақсарады, жүрек-қантамырлары мен тыныс алу жолдары ашылады.
Суда көп болудың арқасында организм шыныға бастайды, организмның сыртқы ортаның жағымсыз факторларына қарсы тұруы жоғарылайды. Мамандардың пайымдауынша 24 градус температуралы суда 3-5 минут аралығында жай тұрудың өзі демалудың тереңдігін екі есеге, зат алмасуды 50-70 пайызға арттырады екен. Осыған орай, жүзу артық салмақтан арылуға көмектесетін таптырмас спорттың түрі болып саналады.
Мәтінді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резрв дайындау орталығы» КММ әдіскері Б.К.Сейкенова даярлады.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы