2018 жылғы тамыздың 20-31 аралығында, Будапеште бокстан жастар чемпионаты өтті, бұл жарысқа 360 боксшы 66 елден қатысты.
Осы әлем чемпионатында біздің қазақстандық спортшылар әртүрлі деңгейдегі 11 медальды иеленді, оның ішінде Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ спортшылары бар.
Нұрбек Оралбай (75 кг) соңғы айқаста ресейлік спортшы Д.Тетеревты жеңіп, әлем чемпионы атағын а ие болды.
Айбек Оралбай (91кг) финалдық айқаста ресейлік боксшы И.Федоровқа жеңіліп, әлемнің күміс чемпионы иегері болды. Сағындық Тоғамбай (81кг) соңғы шешуші айқаста ресейлік спортшы Р.Колесниковқа жеңіліп, күміс медальды қанжығасына байлады.
Біздің спортшылардың жетістіктеріне өте қуаныштымыз
және оларды ЖЕҢІСІМЕН құттықтаймыз!
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы