4х100 м комбинациялық эстафетада Қазақстан командасының төртігін: 50 метрлік қашықтыққа жүзуден бұдан бұрын қола медаль иеленген Олимпиадалық резер дайындау орталығының спортшысы Әділбек Мусин, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы және де Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы Дмитрий Баландин, сондай-ақ Әділ Қасқабай мен Александр Варакин құрады.
Біздің команда комбинациялық арақашықты - 3:35.62 есеппен жүзіп өтіп, қола жүлдені қанжымызға байлады. Азияданың «алтын» медалін Қытай командасы - 3:29.99 есебімен ұтып алса, екінші орынды Жапония командасы - 3:30.03 есебімен жеңді.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы