Бапкер бұл – спортшысыз жұмыс жасай алмайтын адам. Спортшы бапкерсіз спортпен кәсіптік деңгейде шұғылдана алмайды. Бапкердің жұмысы қандай? Менің ойымша, бапкердің жұмысы - спортшылардың іс-әрекеті мен тәртібін басқару болып табылады. Бапкердің жұмысы жан-жақты болып келеді. Бапкер жұмысын талдай отырып, үш негізгі функцияларын бөліп қарастыруға болады:
Ақпараттық функция. Бапкер – бұл бірінші кезекте маман, спорт саласындағы білімнің қайнар көзі. Ол спорт саласында білімі өте кең болуы керек, соның ішінде ең маңыздысы спорттың теориялық және әдістемелік жағынан білімі жетік болуы шарт. Бапкер жұмысындағы ең маңыздысы – ол әрқашан өзінің білімін жетілдіріп , толықтырып отыру, бапкерлік санатын арттырып отыру, спорттық білімін жаңартып отыруы керек. Спорттық ғылымның жетілуімен бірге, ол да өзін үнемі жетілдіріп жүруі шарт.
Оқытушы функция. Бапкер мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдісті жүзеге асырады. Бапкердің бастамасымен спортшылар өздерінің білімдерін, дағдыларын, шеберліктерін, физикалық қасиеттерін жетілдіре түседі.
Тәрбиелік функция. Әлбетте бапкер – бұл спортшының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуші, саналылық және патриоттық сезімдерін дамытушы адам. Ең маңыздысы бапкердің өзі моральды-жігерлі қасиетке ие болуы керек, себебі әр спортшы бірінші кезекте өз оқытушысынан үлгі алады, оған ұқсағысы келеді.
Басқарушылық функция. Бұл функция бапкерлік жұмыстағы ең бастысы болып табылады. Ол бапкерге спорттық команданы басқарушы ретінде, спортшылардың өміріне толықтай жауапкершілік жүктеледі. Спорттық міндеттерді ұйымдастырудан бастап, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге дейін жауапты болып келеді.
Әкімшілік функция. Сондай-ақ бапкер әкімшілік-ұйымдастырушылық іс-шараларды атқарады.
Әрбір бапкердің көп жылғы жұмысы барысында, спорттық ұжыммен жұмыс жасауда басқарудың жеке стилі қалыптасады. Психологияда басқаурдың үш түрлі деңгейін бөліп қарастырады: авторитарлы, демократиялық, либералды.
Бапкер жұмысының авторитарлық стилі толықтай жеке пікірлі, көп талап ететін, қатал бақыланатын, шешімдерді өзі қабылдайдын стиль ретінде сипатталады. Ол берген тапсырманы дұрыс орындамаса, бапкер ашуланады. Авторитарлы бапкер абсолютті билікке ұмтылады, ол ғана шешім қабылдайды,спортшылардан орындаушылық, бағынушылықты талап етеді, спортшының кез келген өздігінше қабылдайтын шешімдері мен бастамаларын тәртіпті сақтамау ретінде, қатаң тәртіп бұзушылық ретінде санайды. Бұндай бапкер өздігінен жүріп, тұратын спортшыларды жақтырмайды, бапкердің айтуымен ғана жүретін, оны қолдайтын спортшылар ғана оған жағымды, ұнамды келеді. Басқарушылықтың авторитарлық стилі әйелдердің спорттық командаларында жиі кездеседі.
Басқарушылықтың демократиялық стилі бапкерлер арасында, олардың көмекшілері мен спортшылар арасында жауапкершіліктерді және функцияларды өзара бөліп, қарастыру, спортшыларға деген қарым-қатынастың ілтипатты болуы. Демократты басқарушы әрбір спортшы жалпы істің белсенді қатысушысы ретінде өзін сезінуі, өзін жеке тұлға ретіңде, өз ойын ашық жеткізе алуына мүмкіндік береді. Шешім қабылдарда ол бапкер команданың пікіріне сүйенеді, спортшылардың қалауларын есепке алып (мәселен, жаттығу жасау жоспарын құрарда, тактикалық шешім қабылдарда, команда ұйымдастырғанда т.б.) . Спортшылардың пікірі мен қалаулары ол бапкерге шынымен де өте маңызды, сондықтан да спортшылар ол бапкердің жанында өздерін еркін ұстайды, өз жеке басы мәселелерімен бөліседі. Демократиялық стилді бапкер команданың ішкі өмірін жақсы біледі, өз тәрбиеленушілерінің жеке мәселелерімен олардың ішкі қорқыныштарын біліп отырады. Жұмсақтық, тактикалық және ұжымшылдық – басқарушылықтың осы стилінің басты ұстанымына жатады.
Басқарушылықтың либералдық стилі - команданы басқаруда аз ғана үлес қосқанымен ерекшеленеді. Бұндай бапкерлер команданың істеріне қатты араласпайды, спортшылардың өздері шешім қабылдауларына рұқсат етеді. Спортшылардың іс-әрекетін бақылауда ол тек керек кездерде ғана араласады, олар тек ақыл, насихат жүргізеді, сонда да спортшылардың өздері жәрдем сұрап келген кезде ғана керекті ақыл, насихаттарын, бағыт, бағдарларын беріп отырады. Ол бапкердің ескертулері, мақтаулары тек формалды түрде ғана жүреді, кез келген тәртіп бұзушіліқ жағдайларында спортышалрың сөзіне сеніп, сүйеніп барып, шешім шығарады. Либералды бапкер басқарған командада спортшылар тек өздері шешім қабылдайды. Сондықтан, жоғары нәтижелерді тек қана жігерлі, қайратты спортшылардан ғана күтуге болады.
Спортта басқаурдың тек қана бір түрін қолданатын бапкерлер өте сирек кездеседі. Әр бапкердің жұмысында басқарудың барлық үш түрлі стилі кездеседі, бірақ оларды қолдануы әр бапкерде әртүрлі болып келеді.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы