ОРДО спортшылары жеңіл атлетикадан Шымкентте өткен Қазақстан Чемпионатында әртүрлі арақашықтықта бірден әртүрлі жаттығуда жеңіске жетті.
100 метрлік арақашықтықта Сомов Артем ең үздік атанды, жарыстың екінші күні 200 мертлік арақашықтықта Артем 2 орын иеленді, ОРДО-ның тағы бір спортшысы Танин Сергей 100 метрлік арақашықтықта алтын медальға қол жеткізді.
Стипль-чезе жаттығуында 3000 метрлік қашықтықта Балтабек Әлімжан 3 орынды иеленді.
Қыздар арасында 100 метрлік қашықтықққа жүгіруден Ткаченко Юлия жеңіске жетсе, 200 метрлік қашықтықта Юлия 2 орын алды, айта кету керек, Чемпионат қорытындысы бойынша Юлия Қазақстан Республикасының құрама командасы қатарына еніп, осы жазда Жапонияда өтетін Азия Чемпионатына іріктеліп алынды.
4x100 эстафетасы бойынша Астана қаласы құрамында, ОРДО спортшылары Довгалюк Дмитрий және Чегодаев Игорь екінші орынды иеленді.
Ересектер бойынша біздің спортшы Каспер Александр 100 м. қашықтыққа жүгіруден 3 орынды иеленді.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы