2018 жылғы 21-23 мамыр аралығында Астана қаласында  «Думан» СК-де Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушылары арасында  көркем гимнастикадан IX жазғы Спартакиадасы өтті.    

      Біздің гимнастика спортшыларының көрсеткіштері: жеке бағдарлама бойынша командалық біріншілікте Ертайқызы Айбота – ІІІ орын, Бақатова Сабина – ІІ орын иеленді. Көпсайыста Бақатова Сабина – ІІ орын, Ертайқызы Айбота – ІІІ орын иеленді. ОРДО спортшылары командалық біріншілікте сеньеркалар арасында 2002 ж.т. және одан жасы үлкендер мынадай құрамда: Тлекенова Адилия және Васенькина Алена бірге ІІ орынға ие болды.   

      Соңғы сайыста жаттығудың 3 түрі бойынша: шеңбер, түйреуіш және лентадан Бақатова Сабина 3 күміс медаль және доппен жаттығуда 1 қола медаль жеңіп алды. Ертайқызы Айбота лента жаттығуы бойынша алтын медаль, доппен жаттығуда күміс медаль және түйреуішпен жаттығуда қола медаль иеленді. 

     Сайыстың финалында жаттығудың екі түрінен:  5 шеңбермен, 3 доппен және 2 секіргішпен топтық команда мынадай құрамда: Жакупова Даяна, Будник Джессика, Талғатбек Анель, Сұлтанова Регина І орынды иеленді.   

Көпсайыстың финалистері

Жеке бағдарламада:

Тлекенова Адиля – шығыршық, түйреуіш, лента және доппен жаттығуда 4 күміс медаль иеленді.

Топтық жаттығуларда:

ОРДО спортшылары: спортсменки из ЦПОР: Жакупова Даяна, Будник Джессика, Талғатбек Анель, Сұлтанова Регина  Астана құрама командасымен бірігіп І орынды иеленді.

Командалық біріншілікте жеке бағдарлама бойынша Тлекенова Адиля, Васенькина Алена ІІ орынды иеленді.  

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика