Бангкокте 2018 жылғы 19-28 сәуір аралығында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Оған 35 мемлекеттен 235 боксшы қатысты.  Бұл чемпионат біліктілік чемпионаты болуымен ерекшеленді. Біздің жасөспірімдер мен қыздар Венгрияда Әлем чемпионатына іріктеуден өтті.

      Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар түрлі дәрежедегі 10 медаль жеңіп алды. Соның ішінде Астана қаласының «Олимпиадалық резерв дайындау орталығының» спортшылары Тоғамбай Сағындык (81кг.), Оралбай Айбек (91кг.) чемпион атанса,  Оралбай  Нұрбек (75кг.) күміс жүлдегер  атанды.

       Лицензия алған барлық жүлдегерлер 2018 жылғы тамызда Венгрияда өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына аттанады.

 

 

Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы