2018 жылғы сәуірдің 22-24 аралығында Алматы қаласындағы «Халық-Арена» спорт кешенінде Қазақстан дзюдо Федерациясының президенті Б.Махмутовтың құрметіне орай дзюдодан жастар арасында Азия Кубогы өтті.
Татамидың 200 ден астам шеберлері 5 елден сыйлық үшін мәреге түсті.
Осы жарыста ОРДО спортшылары келесі нәтижелерді көрсетті:
Науатбек Акмарал - 2 орын (48кг.)
Әбдумәлік Мұхтар - 5 орын (+100 кг.)
Науатбек Акмарал – Қазақстан Респбликасының спорт шебері, ол дзюдодан жастар арасында 2018 жылғы мамырдың 6-16 аралығында Бейрут (Ливан) қаласында Азия Чемпионатына қатысады. Акмаралға Азия Чемпионатына қатысуда сәттілік тілейміз!
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы