Өскемен қаласында, Ольга Рыпокова атындағы жеңіл атлетикалық орталықта 2018 жылдың алғашқы айларынан бастап жеңіл атлетикадан жабық ғимаратта бірнеше жарыстар өткізілді,  бұл жарысқа Астана қаласы Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары  қатысып, жүлделі орындарды иеленді.   

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында  жас ерекшеліктері әртүрлі топтар бойынша  Сергей Танин  жасөспірімдер арасындағы  60 метрлік қашықтықта жүгіруден  жеңімпаз атанды.  Ткаченко Юлия  жүгіруден 60 метірлік қашықтықта  және  200 метрлік арақашықтықта  екінші орынды иеленді.   Балтабек Әлімжан 2000 метрлік қашықтықта  жастар арасында жеңімпаз атанды.   ҚР спорт шебері Каспер Александр   60 метрлік арақашықтық бойынша 4-ші орынды иеленсе,   бір аптадан кейін ҚР Кубогы жарысында жеңіл атлетикадан осы арақашықтық бойынша Александр үшінші орынды иеленді.    

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика