24 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығында» әкімшілік қызметкерлермен «Күйзелісті басқару - өзін-өзі бақылау тәсілі» атты семинар болып өтті.

Семинарды өткізудегі негізгімақсат: психогигиена және психологиялық алдын алу, күйзеліс жағдайындағыәр түрлі көріністі қалыпқа келтіру, өзін-өзі бақылау дағдыларын қарастыру, эмоциональды жағдайларда мінез-құлық қабілеттілігін көрсету, сондай-ақ, күйзеліс кезінде жағдайды ерікті түрде реттей білуді көрсету болды.

Адам ағзасындағы түрлі келеңсіз жағдайларды тудыратын күйзеліске толы жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында қызметкерлердің өз бетімен жеке жұмыс істеу қажеттігі туралы қорытынды шешім қабылданды. Сонымен қатар ұжымдағы жалпы дене және психологиялық жағдай жақсарған жағдайда өз кезегінде ұйымдағы жұмыс қабілеттілігіне өз әсерін тигізетіндігі сөз болды.

 

 

 

Мақаланы дайындаған Бибикова Анастасия

Астана қаласы әкімдігінің 

«Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ 

спорттық психологы

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы