18-19 қазанда «Алау» мұз айдыны сарайында коньки тебу спортынан жекелеген қашықтықта Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Оған еліміздің 10 қаласынан спортшылар қатысты.

ОРДО-ның спортшылары Д. Морозов, К. Галиев және Д. Гаврилов командалық жарыста күміс жүлдені иеленіп, ойдағыдай өнер көрсетті. К. Галиев пен Д. Гаврилов командалық спринтте де екінші орын алды.

Әйелдер командасы арасында командалық спринтте Н. Сидельникпен Е.  Брынза  қола жүлдені иеленді. Бұдан басқа, Надежда Сидельник 500 метр қашықтықта 2 орын, ал 1000 метр қашықтықта 3 орын алды.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика