Жазбен бірге демалыстар да аяқталды. Ал спорт әлемінде жаңа спорт жылы басталмақ. Әрине, көпшілігіміз, оның ішінде спорт адамдары да алаңсыз өткізетін демалыс күндерге қайта оралғымыз келеді. Үздіксіз демалыстан кейін жұмыс тәртібіне көшу, әрине оңай емес. Мұндай жағдай әсіресе, өз уақытының 70 %-ын кеңсе орындықтарында өткізетін адамдарға аса ауыр, ал  кәсіби спортпен шұғылданушыларға екі есе қиынырақ болатыны сөзсіз. Себебі кәсіби спорт, бұл - күнделікті жаттығуды қажет ететін дене қозғалысының ауыр жұмысы, ал спортшы бұл - қиындықтардыүнемі өз ерік-күшімен жеңетін адам.

Жаңа қадамдар, алдағы жеңістер және спорттық кураж, міне, осылардың бәрі спортшыға алаңсыз демалуға мүмкіндік бермейді. Белгіленген күн тәртібі әрдайым сақталады. Тыныш ұйқы, дұрыс тамақтану және дене қалпын сақтап тұру, бұлар - тиісті күн тәртібінің тек бір бөлігі ғана. Шындығында, спорттық демалыс уақытының қомақты үлесі психологиялық демалуға кетеді.

Спорттық маусымның барлық кезеңінде спортшы қатты күйзеліске түседі. Спорттық демалыс жұмысты жаңадан бастауға тың күш жинауға, моральды тұрғыдан қалыпқа келуге мүмкіндік береді. Психологиялық дайындық, бұл - өз күшіне, қабылдайтын шешіміне деген сенімділік. Жоғарыда айтылғандардың барлығы жұмыстың сәтті және нәтижелі болуы үшін әрбір спортшыға өте қажет.

Кәсіби спортты таңдаған адамдаркөп нәрсені құрбан ете отырып, оған жан-тәнімен беріледі. Спортшы үшін  спорттық адреналин мен жеңіс дәмін еш нәрсе алмастыра алмайды. Дәл осы үшін,спортшыға тіпті тиесілі демалыс кезінде де кез келген күн тәртібін сақтауға болады.

Жазбен бірге демалыстар да аяқталды. Ал спорт әлемінде жаңа спорт жылы басталмақ.

Жаңа жеңістерге жаңа күш-жігермен! Алға!!!!!

 

 

 

 

Мақаланы дайындаған Бибикова Анастасия

 

Астана қаласы әкімдігінің

«Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ

спорттық психологы

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы