Астана қаласында спорт апталығын өткізу шеңберінде 6 сәуір күні Бокс орталығында Қазақ КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Иванович Турчактың бокстан ОРДО-ның спортшы қыздары мен әйелдер боксынан Астана қаласының құрамасы арасында ашық жаттығуы болып өтті.
Жаттығуға Қазақстан Республикасыныңалдыңғы қатарлыосы спорт түріне қызығушылық танытқан тұлғалардың барлығы -басшылар, жаттықтырушылар, әдіскерлер шақырылды.
Жаттығуда С.И. Турчактың ассистенті бокстан Әлем чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Валентина Хальзова, ал кеңесшілері жаттықтырушылар А. Жақыпбек және А. Құдасов болды.
Көреремендердің назары айналма жаттығуға аударылды.
Айналма жаттығу әдісі бойынша бірнеше жаттығуды тоқтаусыз кезекпен, әр жаттығу арасында қысқа үзіліс арқылы жасап орындау қажет.
Бұл әдіс негізгі тірек қимылдарды жан-жақты дамыту мақсатында барынша тиімді, яғни ашық жаттығу өткізудің басты мақсаты да осы болатын.
Екінші артықшылығы, спортшыларға жан-жақты да жоғары күш алу үшін жаттығудың барлық кезеңінен бір рет өту жеткілікті.
Спортшылар 12 топқа бөлінді, олар доппен жаттығу, штанга грифі, баспалдақтарда, скакалкаменкедергілер арқылы түрлі секірулер, акрабаттық жаттығулар, аунау, грушамен соққылау тәсілдерін қолданды.
Әйелдер боксынан ашық жаттығуда ОРДО дәрігері Х.Б. Саметов жаттықтырушының ұсынысы бойынша кейбір спортшылардың жаттығудан кейін қалпына келуі үшін жүрек соғысын өлшеп, қан қысымын тексерді.
Жаттығу соңында ОРДО психологы Ә.А. Адиева «Күйзеліс және онымен күресу жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мазасыздықтан арылу, толқу, эмоцияға берілу сезімдерін төмендету мақсатында өткізілді.
Аутогенді жаттығу жағымсыз ықпалдарды жеңілдетуге немесе сөреалды қобалжуды, неврозды, қозғалыссыз қимылдамай қалуды, қарсыласыңмен ойын алдындағы қорқынышты, маңызды сәттерде шешім шығара білмеуді, тонустың төмендеуін мүлдем жоюға көмектеседі.
Бұдан соң «Бұл мен» секілді өзінің ерекшелігін, психологиялық жай-күйін тану мақсатында жаттығулар, сондай-ақ, жарыс алдында психологиялық бөгеттерді жеңу үшін «Жаңа ынта» жаттығуы өткізілді
Қатысушылар С.И. Турчакқа және оның командасына қызықты өткізілген жаттығу үшін, тәжірбие алмасу жұмысы үшін алғыс білдірді. Бұл жаттығудың алдағы уақытта тәжірибеде қолдануға зор ықпал ететіні сөзсіз.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы