Өзбекстанның Ташморе қаласында 22-26 наурыз аралығында 1999-2000 ж.т., 2001 ж.т. және одан төмен жастағылар арасында байдарка мен каноэ есуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Жалпыкомандалық есепте 1 орынды (алтын медаль) Оңтүстік Қазақстан облысының  командасы иеленді: барлығы 17 медаль (9 алтын, 6 күміс, 2 қола). 2 орын - Қызылорда - 11 медаль (6-3-2). 3 орында - Астана қаласы - 19 медаль (3-11-5).

АнуарАкчурин жеке есепте (С-1, 5000 м), Дмитрий Чернега (С-1, 2000 м),  Аманкелді Әсия (К-1, 3000 м) чемпионат жеңімпаздары болды. 

Күміс жүлделерді түрлі қашықтықта Александра Ким және ӘнуарАлмағамбетов жеңіп алды. Муфтукулұлы, Немытов және Молдақасым жеке есепте 4-6 орындарды иеленіп медальға ілікпеді.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика