6 наурызда, Тайланд елінің Коратқаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Азия Чемпионаты өтті.  15-17 жастағы (кадеттер)Қазақстандық спортшылар команда бойынша (семсер жасөспірімдер)  1 алтын жеңіп алса, 3 орынды Алматы қаласының спортшысы Александр Савин  жеке бағдарламада жеңіп алды.   Жасөспірім семсерлесушілеріміз (18-20 жас) 3 қола медаль және 1 күміс медальмен оралды. Қола медальды жеке бағдарлама бойынша семсерлесуден ТамилаМуридоваұтып алса, ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыста спортшылар қола медальға ие болды. Командалық жарыста қылыштан жасөспірімдер арасында: Қарағандылық спортшы Артем Саркисян, Астана қаласынан ОРДО-дан НазарбайСаттархан және Султан  Рахмонов, ОҚО-нан  Бақдаулет Кұралбекұлы күміс медальға ие болды.   Н.Саттархан   жеке жарыста медаль алуға етене жақын еді, ол жүлделік төрттікке еніп, 14:15  есебімен Гонк-конг спортшысына есесін жіберіп алды. Қорытынды 5-орын.  

Семсерлесу – медаль оңай бұйырмайтын олимпиадалық спорт түрі, себебі ол жеке-командалық болып келеді. Медальды жеке жеңіп алуға болады, жеке жарыс бойынша бойынша немесе командалық жарыс бойынша жеңіп алуға да болады, ал команда рейтингі құрама команда спортшыларының жеке көрсеткен нәтижелеріне байланысты болып келеді. Семсерлесуден финалға шығу дегеніміз, ол 1/8 ге ену болып табылады, яғни сегіздік жеңімпаздар әлемдік рейтингтік есеп құрамына енеді. 

2017 жылғы Азия Чемпионатының чемпиондарын мына бапкерлер дайындады: А.Чурбаков, С.Егоров,  А.Аксенов,  И.Ярмолкевич, В.Егоров, Ж.Турлыбеков.

Алматы қаласында, наурызда «Клинки Алатау»  атты Халықаралық турнир өтеді, ал 1 сәуірден бастап, Болгарияның Пловдив қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді. Болгарияның Пловдив қаласы Еуропаның тарихи орталығы болып табылады. Осындай әсем әрі тарихи жерде әлемдік жасөспірімдік біріншіліктің чемпиондары мен жүлдегерлері белгілі болады.  Біздің спортшыларға мол табыс тілейміз!            

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика