22 ақпанда, Астанадағы  «Алау» мұз айдынында  Қазақстан Республикасының  8 қысқы Оқушылар Спартакиадасы және колледж оқушылары бағдарламасы бойынша коньки тебу спортынан жарыс өткізілді.

Астана қаласының құрама командасы жалпыкомандалық  есепте небары 36 ұпай Костанай командасына жеңіліп,2 орынды иеленді, Алматы командасы 3 орын, 149 ұпайға ие болды.

Жеке есепте ОРДО спортшылары жақсы нәтиже көрсете білді.

Артур Галиев   500 м, 1500 м және 3000 м  арақашықтықта үш рет жеңімпаз атанды.   Екатерина  Брынза   500 м, 1000 м және  1500 м арақашықтықта қола медальға ие болды.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика