14-16 ақпанда, Астанада, «Алау» Мұз айдынында коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті, оған Қазақстанның 12 қаласынан спортшылар қатысты.
Сидельник Надежда, ҚР спорт шебері, 500 м арақашықтықта жеңімпаз атанды. 1500 м арақашықтықта ол 2 орынды иеленсе, 3000 м арақашықтықта -3 орынды қанағат тұтты.
Командалық спирнте Надежда Сидельник және спорт шеберлігіне үміткер Екатерина Брынза екеуі 3 орынды иеленді.
Ерлер арасындағы командалық спринтте халықаралық дәрежедегі спорт шебері Морозов Дмитрий және ОРДО-ның бұрынғы спортшылары Панфилов пен Глазырин бірлесіп екінші орынды иеленді.
8 шеңберлік командалық сайыста қола медальды Дмитрий Морозов, Кирилл Тиховжәне Максим Глазырин жеңіп алды.
Сидельник Надежда Саппоро (Жапония) қаласында 2017 жылғы 19-26 ақпанда өтетін қысқы Азиада ойындарына қатысу үшін, коньки тебу спортынан ҚР ұлттық құрама командасына енді.
Барлық қазақстандық спортшыларға және әрине біздің Надеждаға табысты жеңіс тілейміз!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика