2017 жылы 25-29 қаңтарда, Астана қаласының, «Сарыарқа» велотрегінде қарқындық және спринттік жаттығудан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының ашық қысқы Чемпионаты өтті және де 15-16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында және ересектер арасында республикалық жарыстар өтті.
Жарысқа Қазақстанның он бір облысынан және Астана қаласынан 230 спортша қатысты, олардың ішінде Олимпиадалық резерв дайындау орталығының велоспорт бөлімінің спортшылары да бар.
2017 жылғы алғашқы маусымның басталуында командалық спринтте Сақтағанова Айжан Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды. Күміс жүлде командалық спринтте және кейринде Тихова Валерияға бұйырды. Командалық 4км арақашықтықтағы жарыста әйелдер арасында Асан Жанерке, Айзахметова Анель, Сақтаганова Айжан, ерлер арасында - Клеванов Никита қола жүлдеге ие болды.
Республикалық жарыстар бағдарламасында жасөспірімдер арасында топтық жарыста Манатай Нариман жеңімпаз атанды.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы