«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік
болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл
намысты, биік рухты болса– ол елдің еңсесі де
биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл,
патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет
етуге ұмтылады»
Н.А.Назарбаев
Бүгінде Қазақстан – әлемге әйгілі жемісті гүлдеген мемлекет. Бұл барлық қазақстандықтардың көп жылғы маңдай терінің төгілген еңбегі, ақталған үміті, жоспарлары және жүзеге асқан арманы.
15 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» МКҚК директоры Калин Рустам Ильясұлы салтанатты жиында қызметерлерді мерекемен құттықтап, атқарған еңбектері үшін және спортты дамытуға елеулі үлес қосқандары үшін С.И.Турчак, А.Т.Құдасов, Н.А.Стадничук, С.В.Егоров сынды бапкерлерге және қызметкер А.Ж.Бейсембаеваға алғыс хаттар табыстап, қызметерлерге сыйақы берілді. ОРДО-ның барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, бақыт, кәсіптік шыңдарды бағындыруда табыстар тіледі.
Жиында оқу-спорт жөніндегі директордың орынбасары О.Т.Зыкина сөз сөйледі, ол бапкерлерді жұмысқа мол жауапкершілікпен қарайтынына, олардың кәсіби біліктіліктеріне риза болып, алғыс білдірді. «Турчак Сергей Иванович бокстан өте мықты спорт саңлақтарын дайындады. 2016 жылы оның спортшысы Хальзова Валентина Әлем Чемпионы атанып, «ҚР спорт шебері» атағына ие болды. Құдасов Абаз Төлебейұлының спортшылары да бокстан Әлем Чемпионаттарына қатысып, онда Ахмедов Саддридин алтын ұтып алды. Егоров Сергей Викторович басқа бапкерлер командасымен бірігіп, ОРДО спортшыларын семсерлесуден халықаралық деңгейге жеткізді. Стадничук Наталья Анатольевна – жүзуден бапкер. Оның спортшысы Руденко Екатерина екі мәрте олимпиадалық ойындарға қатысты. 2016 жылы Астана командасы ҚР чемпионатында тұңғыш рет 1 орынға ие болды.
Мекеменің психологы Адиева Әсел Алтынбекқызы Қазақстанның 25 жыл бойында жеткен жетістіктері мен дамуы туралы баяндама әзірледі. Өз баяндамасында телевидения, мәдениет, спорт, білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша Қазақстанның кешегі күнімен бүгінге дейінгі, яғни тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы салыстырмалы анализ жасап, баяндап берді.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы