Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» МКҚК желтоқсанның 1-12 аралығында «Астана - мейipiмдi қала» атты қалалық қайырымдылық акциясына қатысты.  

Акцияның мақсаты – жеңілдік категориясындағы азаматтарға, жалғыз қалған зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлеріне, барлық топтағы мүмкіндігілі шектеулі азаматтарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, жетім балаларға, онкологиялық аурумен ауыратын балаларға, ДЦП диагнозы бар балаларға және туберкулез аурына шалдыққандарға көңіл бөліп, қамқорлыққа бөлеу.  

Біздің кәсіпорынның қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша бекітілген тізіммен, мүгедек санатына жататын азаматтармен кездесті. Елбасы атынан ОРДО қызметкерлері оларды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, оларға шағын сый-сияпатын тарту етті. Олар біздің келгенімізге қуанып, көңіл бөліп, ниет білдіргенімізге алғыс айтты.

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы