Әлемдік мамандардың бағалауы бойынша, адамдардың денсаулығы 50—55 % өмір сүру салтына байланысты, 20 % - қоршаған  ортаға, 18—20 % - генетикалық бейімділіктен және тек  8—10 % - денсаулық сақтауға байланысты келеді.

         Салауатты өмір салты – денсаулықты нығайтуға бағытталған адамның өмір сүру салты. Бұл тек дұрыс тамақтану мен зиянды әрекеттерден бас тартудан тұрмайды, салауатты өмір  салты тізіміне мықты әрі толыққанды ұйқы, стресстік жағдайлардан алшақ тұру, шынығу, жеке тазалықты сақтау және әрине бірінші кезекте, спортпен шұғылдану жатады.      

          Осыған байланысты, біздің директорымыз Калин Рустам Ильясұлының бастамасы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» МКҚК қызметкерлері әр аптаның соңында, денсаулықты нығайту мақсатында табиғатқа шығады. Таза ауада серуендеу, атпен жүру, салт жүрістер ұйымдастырылады, ал соңғы күндері жүріс және шаңғы тебу ұйымдастырылды. 

          Шаңғымен жүрістен жан-жақты пайдалы әсер алуға болады. Біріншіден, шаңғы тебу қыс мезгілінде өткізілгендіктен, иммунитетті нығайтуға жақсы әсерін береді. Суық әрі таза ауада үзбей шынығу  организмді ішкі ортаға бейімдеп, денені шынықтырады.

          Шаңғы тебумен ландшафтотерапия деген ұғым тығыз байланысты келеді. Бұл термин адам организмін табиғатта физикалық күш жүктеу арқылы емдеу және нығайту дегенді білдіреді. Бұл ұйқыны жақсартады, жүйке-жүйесін нығайтады, көңіл-күйді көтеріңкі етеді, сондай-ақ депрессия мен стресстерден арылуға мол себебі бар.   

          Шаңғы жүрек және жүрек-қантамырлары аппараттарын шынықтыруға өте жақсы жаттығу болып табылады. Басқа да кардионагрузка сияқты, бұл жүректі жақсартылған режимде жұмыс жасауға бағыттайды. Нәтижесінде, ол қанды бүкіл дене бойынша тез жүгіртіп, қанайлымды жақсартуға септігін тигізеді. Шаңғы тебумен үнемі айналысу барысында, жүрек-қантамырларының көлемін ұлғайтып, нығайтуға көмектеседі, бұл дегеніміз барлық организмге жақсы әсер береді деген сөз. Сонымен бірге жаттығу барысында артериалдық қысым ұлғаймайды, себебі қанайналу жақсы әсер береді.   Бұлшықеттің жиырылуы қанды тамырлар бойынша жақсы өтуіне және жүрек жұмысын жақсартуға әсері мол. 

          Біз салауатты өмір салтын жеке үлгі ретінде насихаттаймыз. Басқаға ақыл айту – бұл үлкен ақымақтық, бұл іске аспайды! Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру үшін, жеке құлшынысты арттыру жеткіліксіз, салауатты өмір салтын ұстану идеясын адамдарға жеткізу үшін, осы сұрақта біз жан-жақты алып жатқан,  мемлекеттің позициясы   қажет.

 

 

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы