Қазақстан 5 жыл бойы Тұңғыш Президент күні мерекесін 1 желтоқсанда атап өтіп келеді.

     1 желтоқсан, Тұңғыш Президент күні – бұл күн тәуелсіз Қазақстанның бүкілхалықтық Президент сайлауының алғашқы күні. Осы күні 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы рет сайлау өткізіліп, сайлау нәтижесі бойынша Қазақстан Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Тұңғыш Президент сайлауға қатысушылардың   98,78  пайыз даусын жинады. Бұл жеңіс сенімділіктің ең жоғары белгісі ретінде, сондай-ақ Қазақстан халқының сайлауға деген жауапкершілігін білдіреді. Бұл сонымен бірге Президент лауазымының  беделділігінің көрінісі ретінде, жаңа саяси жүйенің кілті ретіндегі көрсеткіш болды. Сондықтан да 1 желтоқсан біздің еліміздің тарихында мәңгілікке сақталып, әрі осы себептен де біз осы күнді – Тұңғыш Президент күні деп білеміз.  

      Осы мереке қарсаңында, Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» МКҚК қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне барды.   

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28
тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады.

       Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.

       Музейге келушілердің әртүрлі санаттарына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыптық және шолу экскурсиялары жүргізіледі.

       ОРДО қызметкерлері «Атамекен», «Еңбек биографиясы», «Ресми салтанат залы», «Қару-жарақ коллекциясы залы», «Қазақстанның спорттық жетістіктері залы» т.б. көрмелерін аралады. 

        Қазіргі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің жинағы шамамен  126 000 сақтам бірлікті құрайды және келесі топтамалар  бойынша үйлестірілген:

  1. Кәдесыйлық бұйымдар;
  2. Киім және жұмсақ инвентарь;
  3. Бейнелеу өнерінің заттары;
  4. Материалдық мәдениет заттары;
  5. Қару-жарақ және нумизматика;
  6. Бағалы металдар мен бағалы тастар бұйымдары;
  7. Наградалар коллекциясы;
  8. Елбасының жеке кітапханасы;
  9. Елбасының жеке мұрағаты.

          Сыйлықтар коллекциясы әлемдік державалардың Қазақстанды мойындауының, соның ішінде ел Президентіне, оның дербес мемлекеттің аяғынан тік тұруына қосқан теңдессіз үлесіне деген жеке құрмет белгісі болып табылады. Олардың ішінде ерекше қызығушылық тудыратын Австрия, Бельгия, Ватикан, Египет Араб Республикасының, Жапония, Италия, Латвия, Литва, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Польша, Румыния, Ресей Федерациясы, Словения, Словакия, Сауд Аравиясы Королдігі, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Франция Финляндия, Хорватия, және т.б. мемлекеттердің жоғары наградалар жинағының топтамасы.         

         ҚР ТПМ қітапханалық қорын Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша отандық және шетел авторларының ғылыми және ғылыми-танымдық баспалары, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасыу мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ролі және президенттік институт бойынша баспалар құрайды. Қорды толықтыру жинақтау, ғылыми-зерттеу, экспозициялық-көрме қызметінің, сыйға тарту ету және басқа мекемелерден, сонымен қатар, Музейдің профиліне сәйкес олардың ғылыми, тарихи, көркемдік, экспозициялық құндылығы анықталған кітап саудасы орындарынан сатып алынған кітаптардан, кітапшалар мен мерзімдік басылымдардан тұрады.

         Тұңғыш Президент күнін атап өту – қазақстандықтар үшін маңызды деп айта аламыз, өйткені бұл күн біздің еліміздің тағдырын шешуші күн болып табылады! 

 

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы