Қарашаның 17-20 аралығында үйлесімді жүзуден Токио (Жапония) қаласында 10-шы Азия Чемпионаты Татсуми бассейнінде өтті. Чемпионат өту шарты әлемдік деңгейде өткізілді. Азия контингентінің 13 елінен 200 ге жуық спортшы қатысты (Жапония, Қытай, Қазақстан, Өзбекістан, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Индонезия, Гонконг, Макао, Вьетнам, Филиппина, Таиланд) 8 дисциплина бойынша: техникалық соло, еркін соло, техникалық дуэт, еркін дуэт, техникалық топ, еркін топ, аралас топ, хайлайт. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы 5 дисциплина бойынша қатысты (техникалық дуэт, техникалық топ, еркін топ, аралас топ, хайлайт).        

       Командалық есепте бірінші орынды Жапония құрама командасы жеңіп алды, олар 8 алтынға қол жеткізді. Екінші орында Қытай құрамасы 8 күміс медаль ұтып алды. Үшінші орынды Қазақстан Респбуликасының ұлттық құрама командасы 5 қола медальды қанжығаға байлады. Өзбекістан құрама командасы 3 қола медаль иеленіп, төртінші орынды қанағат тұтты. 

       Осы Азия Чемпионатында барлығы 4 ел өкілдері ғана медальға ие болды.  Үйлесімді жүзуден Азия Чемпионатында Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы 5 қола медаль иеленді. Бірінші қола медальды біздің үйлесімді жүзушіміз техникалық топта ұтып алса, 2-ші қола медальды – еркін топта, 3-ші қола медальды техникалық дуэтте, 4-ші медальды – «хайлайт» бағдарламасы бойынша, 5-ші медальды-аралас топта жеңіп алды.

        Қазақстан құрамасы құрамында осы Азия Чемпионатында техникалық дуэтте Қарағанды қаласының спортшылары Немич Александра және Немич Екатерина қатысты.

        Техникалық және еркін топтарда Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» спортшылары Дегтерява Яна, Меймантай Аида,  Талғатова Дания,  Тыныбаева Кристина, Коноваленко Рената және Қарағанды мен Алматы қаласының спортшылары қатысты.

       Аралас топта және хайлайт бағдарламасында Астана қаласының «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» спортшылары  Дегтерява Яна, Меймантай Аида,  Талғатова Дания,  Тыныбаева Кристина, Коноваленко Рената және Қарағанды мен Алматы қаласының спортшылары қатысты.

        Чемпионаттың қола жүлдегерлері атанған спортшыларымызды және олардың бапкерлері Ж.Г.Демченко мен М.Ж.Мырзатаеваны  құттықтаймыз! 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика