7-12 қарашада, Шымкент қаласында, спорттық гимнастикадан «Олимпийские надежды» атты Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтті.
5-ші мәрте Олимпиадалық резерв дайындау орталығы спортшысы Дмитрий Патанин марапатталуға жеңіс тұғырына көтерілді. Спорт шеберлігіне үміткер бағдарламасы бойынша қатысып, Дмитрий қоссырық жаттығуында, тіреліп секіруден, еркін жаттығулардан және көпсайыстан жеңімпаз атанса, сондай-ақ шығыршық жаттығуын орындауда 2 орынды иеленді.
Бахтыгалиева Ольга спорт шеберлігі бағдарламасы бойынша қатысып, ол да 5 мәрте марапатталуға жеңіс тұғырына көтерілді. Ольга бөренемен жаттығуда, қоссырық, тіреліп секіруден, еркін жаттығулардан 2-ші орынды иеленсе, көпсайыстан 3-ші орынға ие болды.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы