Қазан айының соңғы күндері Астана қаласында, «Сарыарқа» велотректе Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл осы маусымның тректегі соңғы жарыстары болатын, осы жарысқа Қазақстанның 13 облысынан спортшылар қатысты.
Мәрелік 500 метрлік әйелдер жарысында гит бағдарламасы бойынша Олимпиадалық резер дайындау орталығы спортшыларына тең келер спортшы болмады.
1 орынды және Қазақстан Республикасының чемпионы атағын спорт шебері Ысқақова Амелия жеңіп алды.
2 орын – Тихова Валерия, осы маусымда шеберлік нормативтерін орындап, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленді.
3 орын – Сақтағанова Айжан, спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленді.
1000 метрлік гит бағдарламасы бойынша ерлер арасында 2 орынды Никита Клеванов иеленді, ол Қазақстан Республикасы чемпионы атағына ие болуға қарағандылық спортшы Василенко Романға есеп жіберіп қойды.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы