Кирилл Герасименко Риоға жолдама үшін Гонконг өкілі Тянь Цзянмен алаңда шешуші матчтың бірін жеңіп, Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.

Кирилл 19 жаста, ол осы жылы тамыз айында Риода өтетін Олимпиаданың ең жас қатысушыларының бірі болады.

Соған қарамастан Кириллдің 2014 жылғы Нанкиндегі (Қытай) жасөспірімдер олимпиадасының ақтық додасынан тәжірибсі бар. К.Герасименко 2012 жылы 15 жасында Қазақстанның ұлттық ченмпионатын жеңіп, үстел теннисінен еліміздің ең жас чемпионы атанды. 2015-16 жылғы маусымда ол түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы атанды. Міне, енді Гонконгтағы Азия біліктілік олимпиадалық турниріндегі жетістік.

Кириллді, оның ата-аналары – бапкерлері Геннадий Андреевич пен Татьяна Викторовнаны, сондай-ақ үстел теннисінің барлық жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы