Астана қаласы әкімдігі «Олимпиадалық резерв дайындау орталығының» спортшысы Ананченко Зоя 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Зоя 500 м. қашықтықта жеке жүзуде 2 орынды иеленді.
Астана қаласы командасының бапкері Тиунов Сергей Николаевич Зоя Ананченконың еңбегін жоғары бағалап, үздік нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті. «Спортшымыз болашағынан зор үміт күттіреді, алдағы Әлем чемпионатында медальдаржәнеОлимпиада ойындарындаүздік нәтижелер күтеміз. Астана қаласының әйелдер құрамасын өзінің жіті бақылауына алған бапкер Станкеев Максим Петрович қыздар командасымен бар ынта-жігерімен жұмыс істеді, Ананченконың лицензиясы – сол еңбектің жемісі».
Азия чемпионатында Ананченкомен бірге Токарницкий Сергей де К-1200 м қашықтықта 1 орын иеленіп, лицензия жеңіп алды.Бұдан бұрын Астана қаласының спопртшылары Потапенко Елена, Клинова Инна да ХХХІ Олимпиада ойындарына қатысу құқығын жеңіп алған болатын.
Азия чемпионатына барлығы 25 Азия елінен 470-тен аса ескекшілер қатысты. Қазақстан құрама командасына басқа елдердің спортшылары ғана емес, Индонезияның ауа райы да қарсылас болды.
Астана қаласының бапкері Тиунов Сергей Николаевич айтқандай: «Азия чемпионатында қарсыластар өте мықты болды, Палембанг қаласының ауа райы да біздің спортшыларымызға қарсы тұрды: қатты ыстық, ылғалды ауа райы спортшыларға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біздің дәрігеріміз бен массажистің арқасында спортшыларды жарысқа дайындауға және қалпына келтіруге мүмкіндік туды.
Енді ескекшілер Бразилияның Риосында өтетін Олимпиада ойындарына дайындалатын болады.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы