23 қазан күні Астанада «Алау» мұз айдыны сарайында коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығының» спортшылары медальдар жеңіп алды.
Бірінші орынды 3000 метр қашықтықта Морозов Дмитрий иеленсе, дәл осы қашықтықта 2 орынды Гаврилов Демьян алды. Әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта Сидельник Надежда 2 орын иеленді.
Спортшыларымызды құттықтаймыз!
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы