Ташкент (Өзбекстан) қаласында «Умид» жүлдесіне семсерлесуден өткен Ашық турнирде Астана қаласының командасы жалпыкомандалық І орынды иеленді.
Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығының» спортшылары Саттархан Назарбай, Рахмонов Сұлтан, Какенова Дана және Мұқатова Алия аталған халықаралық турнирде команданың намысын қорғады. Спортшылар жаттықтырушы Сергей Егоров белгілеген тапсырмалардың барлығын орындап шықты.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы