Бүкіләлемдік «IWAS Games» ойындарында Қазақстанның құрамасы 34 ел қатысушыларының арасында 7-ші орынға иеленді: құраманың қоржынында 5 алтын, 5 күміс және 16 қола медаль бар. Астана қаласының Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары жалпықұрамалық медаль есепте елеулі үлес қосты.
Жүзуден болған сайыста Далиев Сиязбекеркін стильде 4*100 метрлік эстафетада күміс медалінжәне еркін стильде 100 метр қашықтықта күміс медалін ұтып алды.
Жеңіл атлетикадан күміс медальді 400 метрге жүгіруде Болат Бейбарс ұтып алды, ол 17 жасында ең ірі жарыстардың жеңімпазы болып және жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасының құрамына кірді ( Катар, Доха қ., 21-31 қазан).
Бүкіләлемдік «IWAS Games» 2015 жылдың 26 қыркүйекпен 2 қазан аралығында Сочи қаласында (Ресей) өтті. Бұл ойындарға 1200 ден астам тірек-қимыл мүшелері зақымданған спортшылар қатысты. «IWAS Games» маңыздылығы жағынан Паралимпиадалық ойындарға ғана жол береді және Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) жазғы паралимпиадалық ойындарға спортшыларды іріктеуге лицензиялық жарыстардың тізіміне кіретін жарыс. Барлығы ойын бағдарламасына 6 ойын түрі кірген: жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, садақпен ату, қол күрестіру және паратаеквондо.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы