Досжан Картиков, балуан-классик, 75 кг салмақта күрес түрлерінен Әлем чемпионатында кола медальді, сонымен қатар Бразилияның Рио қаласында өтетін Олимпиадалық ойындар – 2016 - ға лицензияны ұтып алды. Біліктілік сайыста Досжан украиндық Дмитрий Пышковты (4:2), одан ары молдовалық Игорь Бисляганы (6:0           )ұтты. Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы оңтүстік кореялық Хенв Кимді (4:2) жеңіп алғаны қарсыластары үшін күтпеген сәт болды. Осы кездесуде көп күш жұмсаған Досжан ¼ финалда Олимпиада чемпионы ресейлік Роман Власовқа жол берді. Бірақ кейінгі жұбаныш кездесуде Картиков 2014 жылғы әлем чемпионы армениялық Арсен Джулфалакянді (5:2) және қола медаль үшін сайыста азербайжандық Элвин Мурсалиевті (1:0) жеңіп алды.

Осылайша, Досжан Картиков Қазақстан құрамасына әлем чемпионатындабірінші медальді әкелді және бірінші болып Олимпиадалық ойындарға лицензияны ұтты.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика