Бүгін 9-шы маусымда Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысы Маржықпаев Берік Боранбайұлының басқаруымен Олимпиадалық резерв дайындау орталығында жиын өткізілді.
Тәжірибе алмасу және спорт жүйесінің дамуы бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін Астана қаласының спорт мектептерінің директор орынбасарлары мен әдіскерлері келді.
Бұл жиынды Олимпиадалық резерв дайындау орталығының директоры, ҚР еңбегі сіңген бапкері Дрютов Николай Семенович ашты.
Осы жиын Астана қаласының спорт менеджментінің дамуына өте жақсы түрткі болды және бірінші сатысында осылай тәжірибе алмасу және ұсыныстар жөнінде жиындарды үнемі өткізу туралы шешім қабылданды.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы