23 мамырда Алматы қаласында таеквондодан халықаралық турнир аяқталды, мұнда 35 құрама және 600-ден астам жоғары шеберліктегі спортшылар қатысты. Біздің спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль ұтып өте жақсы нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Тенізбаев Азамат (еркектер арасында) және Қосмағамбет Ботагөз (әйелдер арасында) ұтып алды.

Беримбай Эльдар турнирде күміс медальді иеленді.

Кембил Сания және Бибалаева Гүлім әйелдер арасында 3-ші орындарды алды. Серикбаев Алимжан еркектер арасында 3-ші орынды алды.

Осындай үлкен халықаралық турнирде, осындай маңызды нәтижелерімен спортшыларымызды құттықтаймыз.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика