2015 жылғы 8-18 мамыр аралығында Сеул қаласында көру қабілеті нашар мүгедектер арасында жүзуден өткен IBSA бүкіләлемдік ойындарда біздің жүзуші Ануар Ахметов 2 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды.

Ануар 50м қашықтық брасс жүзуде 32,56 секунд нәтижесімен және 50м қашықтық баттерфляй жүзуде 28,56 секунд нәтижесімен 2-ші орын алды, ал қола медальді 50м қашықтық арқамен жүзуде 30,66 секунд нәтижесімен алды.

Бұл бүкіләлемдік ойындарда 54 спортшы 17 елден қатысты.

Медальдармен құттықтаймыз, Ануар!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика