Шымкент қаласында 2015 жылғы 12-18 сәуір аралығында өткенәйелдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының спартакиадасы аяқталды. Астана қаласының Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары титулды қарсыластары - құрама команданың мүшелерімен кездесті.
ОРДО-ның 3 өкілі қола медаль иеленді: Боранбаева Аяулым (54кг) 2 кездесудеде жеңіп, жартылайақтықсында Юсупова Жанбалаға (Жамбыл облысы) жол беріп 3-ші орынды алды; Лаура Абдрахманова (64кг) ширекақтықсынға табысты өтіп, жартылайақтықсында Қазақстан чемпионы – 2014 Цолоева Заринаға жол берді; Хальзова Валентина 75кг салмақ категориясында өнер көрсетіп,жартылайақтықсында Маматкулова Юлдузға (Жамбыл облысы) жол берді.
Спортшыларымыздың барлығы медаль үшін күресте соңғы раундқа дейін өте жақсы спорттық рух көрсетті. Астана қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте 5-ші орынды алды.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы